Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлделер түсті

Әзірге ел қоржынында 1 күміс және 1 қола медаль бар.

Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлделер түсті Judo team

Астанада өтіп жатқан  Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде ерлер арасындағы 60 келі салмақ дәрежесінде Талғат Орынбасар финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде Моңғолия өкілі Сукхбат Биамбасуренге жол берді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы күміс медаль иеленді.

Айта кетейік, Талғат Орынбасар аталған турнирде екінші жыл қатарынан финалға шығып отыр.

Сонымен қатар, 60 келі салмақта Шерзод Давлатов қола жүлдеге қол жеткізді. Қола медаль үшін өтуі тиіс белдесуде оның қарсыласы Мағжан Шамшадин жарақатына байланысты татамиге шықпады. Осылайша жеңіс Шерзод Давлатовқа тіркелді.

Сондай-ақ бүгін қола жүлде үшін 52 келіде Меруерт Сәрсенова, 66 келіде Ақылжан Жұбатқанов, 66 келіде Нұрқанат Серікбаев сынға түседі. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу