Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатында барлық матчта жеңіске жетті
Бүгін хоккейшілеріміз Францияны тізе бүктірді.
icehockey
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы бірінші дивизиондағы әлем чемпионатын жеңіліссіз аяқтап, элиталық дивизионға жолдама алды. Соңғы бесінші турда ұлттық құрама Францияны буллиттер сериясында 2:1 есебімен жеңді.
Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Алдымен француз хоккейшісі Дэйр есеп ашса, кейін Қазақстан сапынан Бреус таразы басын теңестірді. Матч тағдыры буллиттер сериясында шешіліп, жеңіс шайбасын тәжірибелі шабуылшы Роман Старченко соқты.
Осылайша Қазақстан құрамасы турнирдегі бес матчтың барлығында жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленді. Нәтижесінде команда элиталық дивизионға қайта оралды.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу