Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне барды
8-10 мамыр аралығында Астанада Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтуде.
Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда төрінде өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды. Мемлекет басшысымен бірге сайысты Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер тамашалады.
Жарысқа әлемнің 39 елінен 300-ге жуық үздік спортшы қатысып жатыр. Еліміздің абыройын 53 спортшы қорғауда.
Айта кетейік, бүгін сайыстың алғашқы күні қазақстандық спортшылардан Талғат Орынбасар күміс медаль иеленсе, Шерзод Давлатов қола медальға қол жеткізді.
Сонымен қатар қола медаль үшін өткен таласта Меруерт Сәрсенова, Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқан жеңіліс тауып, турнирді жүлдесіз аяқтады.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу