Америкалық бапкер Қазақстан әйелдер құрамасымен жұмысын бастады

Қазақстан әйелдер құрамасы алдағы халықаралық турнирлер мен құрлықтық жарыстарға дайындықты жалғастырып жатыр.

Америкалық бапкер Қазақстан әйелдер құрамасымен жұмысын бастады boxingkazakhstan

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының оқу-жаттығу жиынына дене дайындығы бойынша америкалық маман Дарио Камачо келді. Қазіргі таңда команда Алматы облысында халықаралық жарыстар алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ағайынды Кристофер және Дарио Камачо 2024 жылдың қазан айында Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабына шақырту алған болатын. Мамандар Ұлттық Олимпиадалық комитет президенті Геннадий Головкиннің бастамасымен ұлттық құраманы ірі халықаралық жарыстарға дайындау мақсатында жұмысқа тартылды.

2026 жылғы Азия чемпионаты аяқталғаннан кейін ағайынды бапкерлер Қазақстандағы жұмысын уақытша тоқтатқан еді. Қазіргі уақытта Кристофер Камачо АҚШ-та қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановпен жұмыс істеп жатыр. Ал Дарио Камачо Қазақстан әйелдер құрамасының оқу-жаттығу процесіне алғаш рет шақырту алды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу