Елена Рыбакина Римде Мария Саккариден басым түсті

Елена Рыбакина Римдегі беделді WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады.

Елена Рыбакина Римде Мария Саккариден басым түсті

Қазақстанның бірінші ракеткасы жарысты екінші айналымнан бастап, грек теннисшісі Мария Саккаримен кездесті.

Матч барысында Рыбакина айқын басымдық танытып, қарсыласын екі сетте - 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Осылайша, қазақстандық теннисші турнирдің үшінші айналымына жолдама алды.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Римдегі жарыста бұған дейін де топ жарған. Ол 2023 жылы осы турнирдің чемпионы атанған болатын. Биылғы додада да қазақстандық спортшы басты фавориттердің бірі саналады.

Турнирдің жеңімпазы 1000 рейтингтік ұпай мен 1 055 285 еуро көлеміндегі сыйақыға ие болады.

Енді Рыбакина 1/16 финалда филиппиндік Александра Эаламен кездеседі. Матч 10 мамыр 13:00-ге жоспарланған.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу