Семейде заманауи үстел теннисі кешені бой көтереді

Абай облысының Семей қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында заманауи үстел теннисі кешені салынады.

Семейде заманауи үстел теннисі кешені бой көтереді ttfrk.kz

Жоба республикалық «Абайға құрмет» акциясы аясында Павлодар облысының бастамасымен жүзеге аспақ.

Қазіргі уақытта спорт нысанының жобалау жұмыстары толық аяқталған. Болашақ орталыққа 4 гектар жер телімі бөлінген.

Жаңа кешен халықаралық талаптарға толық сай болады. Орталықта кәсіби спорттық және төрешілік құрал-жабдықтармен қамтылған ойын залы, арнайы еден жабыны, жаттықтырушылар мен спортшыларға арналған бөлмелер, киім ауыстыру орындары, медициналық кабинет және көрермендерге арналған трибуналар қарастырылады.

Аталған нысанның іске қосылуы Семей қаласында облыстық және республикалық жарыстармен қатар, халықаралық деңгейдегі үстел теннисі турнирлерін өткізуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Абайға құрмет» акциясы аясында үстел теннисі орталығымен қатар Семей қаласында Мемлекеттік рәміздер алаңы, көрме орталығы, жекпе-жек сарайы, медиаорталық, мектеп және басқа да ірі нысандардың құрылысы жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар Ертіс өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары жоспарланған.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу