Астаналық «Жеңіс» сырт алаңда «Жетісуды» тізе бүктірді

Қақпашы салған автогол «Жеңіске» үш ұпай әкелді.

Астаналық «Жеңіс» сырт алаңда «Жетісуды» тізе бүктірді kazfootball

Қазақстан Премьер-лигасының 9-туры аясында өткен кездесуде астаналық «Жеңіс» талдықорғандық «Жетісу» клубын 3:2 есебімен жеңді. Матч Алматы қаласында өтті. Қазіргі таңда «Жетісу» өз алаңындағы ойындарын дәл осы қалада өткізіп жүр.

Кездесу белсенді басталып, 7-минутта Адилио есеп ашып, қонақтарды алға шығарды. Арада жеті минут өткенде Лука Имнадзе елордалық клубтың басымдығын арттырды.

Дегенмен, талдықорғандық команда тез арада камбэк жасауға талпынды. Алдымен 16-минутта Нұрбол Ануарбеков есеп айырмасын қысқартса, 28-минутта команда капитаны Серікжан Мужиков таразы басын теңестірді.

Ойынның шешуші сәті 76-минутта тіркелді. Исламбек Қуаттың айып добынан бағыттаған соққысынан кейін «Жетісу» қақпашысы Даниил Подымский өз қақпасына гол соғып алды.

Осылайша, «Жеңіс» маусымдағы маңызды жеңісіне қол жеткізіп, 13 ұпаймен турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Ал «Жетісу» 12 ұпаймен сегізінші сатыда қалды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу