Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті
Жалғас Қайролла - Qazaqstan Barysy Grand Slam чемпионы.
Judo team
Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдесіне қол жеткізді.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Жалғас Қайролла финалдық белдесуде Молдова өкілі Петру Пеливанды жеңіп, турнир чемпионы атанды. Тартысты өткен шешуші кездесуде қазақстандық дзюдошы жоғары деңгейдегі тактикалық шеберлік көрсетіп, қарсыласына мүмкіндік бермеді.
Бұл жеңіс 22 жастағы спортшы үшін Grand Slam санатындағы алғашқы алтын медаль.
Осылайша, жарыстың алғашқы екі күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар.
Айта кетейік, 81 келіде өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық спортшы Досхан Жолжақсынов қола медаль үшін өткен күресте бразилиялық Давид Лимаға жол берді.