«Астана» «Қызылжардан» үш ұпай алды

Елордалық «Астана» Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы турында петропавлдық «Қызылжарды» жеңді.

«Астана» «Қызылжардан» үш ұпай алды "Астана" ФК

«Астана Аренада» «Астана» мен «Қызылжар» арасында өткен кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

47-минутта «Астананың» бұрынғы ойыншысы Юрий Перцух айып алаңы шетінен асырылған пасты қақпаға дәл бағыттап, есеп ашты. 

Алайда елордалық клуб көп ұзамай таразы басын теңестірді. 54-минутта Ян Вороговский есепті теңестірсе, төрт минуттан кейін Карло Бартолец жеңіс голын соқты.

Кездесудің соңына қарай петропавлдық команда бір ойыншыға кем қалды. 89-минутта Кот-д’Ивуарлық шабуылшы Этьен Бугре екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Осылайша матч 2:1 есебімен елордалықтардың пайдасына аяқталды. 

Осы жеңістің арқасында «Астана» 15 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Ал «Қызылжар» 11 ұпаймен тоғызыншы сатыда қалып отыр. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу