«Галатасарай» 26 дүркін Түркия чемпионы атанды
«Галатасарай» «Антальяспор» командасын жеңіп, ел чемпиондығын мерзімінен бұрын иеленді.
Getty Images
Түркия Суперлигасының 33-туры аясындағы «Галатасарай» мен «Антальяспор» арасындағы матч Стамбулда өтіп, алаң иелерінің 4:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Виктор Осимхен дубль авторы атанып, оның бір голы пенальтиден соғылды. Сондай-ақ Марио Лемина мен Каан Айхан мергендік танытты. Ал жеңілген команда құрамында екі голды Сонер Дикмен соқты.
«Галатасарай» 77 ұпай жинап, чемпионат аяқталуына бір тур қалғанда басты қарсыласы «Фенербахче» клубынан 4 ұпайға ұзап кетті.
Осылайша, «сары-қызылдар» өз тарихында 26-дүркін Түркия чемпионы атанып, бұл көрсеткіш бойынша көш бастады. Екінші орында 19 мәрте чемпион атанған «Фенербахче» келеді.