АПЛ: «Манчестер Сити» «Брентфордты» тас-талқан етіп, чемпиондыққа жақындай түсті

Чемпиондық атаққа талас қыза түсті.

АПЛ: «Манчестер Сити» «Брентфордты» тас-талқан етіп, чемпиондыққа жақындай түсті Getty Images

«Манчестер Сити» Англия Премьер-лигасының 36-туры аясында «Брентфордты» өз алаңында 3:0 есебімен жеңді. «Этихад» стадионында өткен кездесуде «қалалықтар» маңызды үш ұпайға қол жеткізіп, чемпиондық бәсекені одан әрі шиеленістіре түсті.

Ойынның алғашқы голы 60-минутта соғылды. Жереми Доку сол қапталдан дәл соққы жасап, есеп ашты - 1:0. Араға 15 минут салып Эрлинг Холанд есепті еселеді - 2:0. Осылайша норвегиялық шабуылшы Премьер-лигадағы 26-голын соқты. Ал, қосымша уақытта Омар Мармуш мергендік танытып, матчтың қорытынды есебін белгіледі - 3:0.

Кездесуден кейін Эрлинг Холанд бұл жеңістің аса маңызды болғанын айтты. Оның сөзінше, чемпиондық талас әлі аяқталған жоқ және әрбір матч шешуші рөл атқарады. Ал, «Брентфордтың» бас бапкері Томас Франк қарсыластың бүгінгі ойыны жоғары деңгейде болғанын мойындады.

Осы нәтижеден кейін «Манчестер Сити» 74 ұпай жинап, турнирлік кестедегі екінші орнын сақтап қалды. Көш басындағы «Арсеналдың» еншісінде 76 ұпай бар. Ал «Брентфорд» 51 ұпаймен сегізінші орында келеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу