Елдос Сметов татамиге оралды

Қазақстандық жанкүйерлер сағына күткен саңлақтың татамиде бой көрсетуі жарыстың басты оқиғаларының біріне айналды.

Елдос Сметов татамиге оралды Қазақстан дзюдо федерациясы

Париж Олимпиадасының чемпионы Олимпиада ойындарынан кейін алғаш рет көпшілік алдына шығып, Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің атмосферасын қыздырды. 

Әсіресе, Елдос Сметовтің сегіз жастағы ұлы Омар Бақтыбаймен бірге кілемге шығуы көрерменге ерекше әсер сыйлап, залдың ыстық ықыласына бөленді. Бұл сәт турнирдің ең әсерлі көріністерінің бірі болды. Белдесуде жеңіс Омарға бұйырды. 

Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасынан кейін Сметов әзірге ресми жарыстарға қатысқан жоқ. Ол Римде иығына ота жасатқан болатын. 

 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу