Ғалымжан Кенжебек Ресей премьер-лигасындағы алғашқы голын салды

Бүгін «Ахмат» сапында қос қазақстандық футболшы алаңға шықты.

Ғалымжан Кенжебек Ресей премьер-лигасындағы алғашқы голын салды Ахмат ФК

Қазақстан құрамасының футболшысы Ғалымжан Кенжебек Ресей премьер-лигасының 29-турында маңызды гол авторы атанды. Грозныйдың «Ахмат» клубы өз алаңында Махачкаланың «Динамосымен» кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті.

Матчтың алғашқы бөлігінде қонақтар басым болды. 38-минутта қорғаушы Мохамед Аззи мергендік танытып, махачкалалық ұжымды алға шығарды. 

Үзілістен кейін «Ахмат» шабуылды үдетіп, құрамға өзгерістер енгізді. 60-минутта алаңға Қазақстан құрамасының вингері Ғалымжан Кенжебек шығып, белсенді ойынымен көзге түсті. Ол отандасы Максим Самородовтың орнына ойынға қосылды.

83-минутта Кенжебек шабуылды сәтті аяқтап, «Ахмат» сапындағы алғашқы голын соқты. Осылайша қазақстандық футболшы командасын жеңілістен құтқарып, матчтың басты қаһармандарының біріне айналды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу