Елена Рыбакина Рим турнирінің 1/8 финалына шықты
Елена Рыбакина осы қарқынынан таймаса, биылғы маусымда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконың орнын басуы мүмкін.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Рим қаласында өтіп жатқан беделді турнирдің төртінші айналымына жолдама алды.
Үшінші кезеңде қазақстандық теннисші Филиппин өкілі Александра Эаламен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті - 6:4, 6:3. Матч 1 сағат 32 минутқа созылды.
Кездесу барысында Рыбакина алты эйс жасап, бірде-бір қос қателік жіберген жоқ. Сондай-ақ ол алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Ал Эала бір эйс орындап, бес рет қос қателікке жол берді және жалғыз брейк мүмкіндігін тиімді қолданды.
Осылайша әлемнің екінші ракеткасы Рим турнирінің келесі кезеңіне өтті. Енді Рыбакина төртінші айналымда Германия өкілі Лаура Зигемунд пен чехиялық Каролина Плишкова арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.