Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде құрамамыз 8 медаль иеленді

Бүгін Марат Байкамуров Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде алтыннан алқа тақты

Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде құрамамыз 8 медаль иеленді Judo team

Қазақстан құрамасы дзюдодан Астанада өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тарихи нәтижемен аяқтады. Ел спортшылары әлемдік додада екі алтын, екі күміс және төрт қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтады.

Турнир чемпиондары атанған Жалғас Қайролла мен Марат Байкамуров Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды. Күміс медальді Талғат Орынбасар мен Камила Берліқаш иеленді.

Ал қола жүлдені Шерзод Давлатов, Ансарбек Ғайнуллин, Айдар Арапов және Аида Тойшыбекова жеңіп алды.

Бұл Қазақстан дзюдосы тарихындағы ерекше жетістік. Бұған дейін Grand Slam турнирінде елімізден екі бірдей чемпион шықпаған еді.

Астанадағы әлемдік жарысқа 36 елден 295 дзюдошы қатысып, татамиде Олимпиада және әлем чемпиондары бақ сынады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу