Дастан Сәтпаев сұрмергендер жарысында көш бастады
Жаңа маусымда Қазақстан премьер-лиасы аясында өткен матчтарда Дастан 5 гол салды.
Қайрат ФК
Қазақстан Премьер-лигасының 9-туры аясында бүгін «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Ұлытауға» қарсы матчта гол соқты. Ол маусымдағы бесінші голын тіркеп, сұрмергендер жарысында көш бастады. Алайда алматылық клуб жеңісті сақтап қала алмады. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
«Қайрат» екінші таймды түгелдей дерлік бір ойыншы кем өткізді. Қосымша уақытта Әділет Садыбеков қызыл қағаз алып, командасын қиын жағдайға қалдырды. Соған қарамастан алматылықтар ұзақ уақыт бойы басымдықты ұстап тұрды. Бірақ матч соңында Максим Чалкин таразы басын теңестірді.
Айта кетейік, бүгінгі матчтан кейін алматылықтар турнирлік кестеде 22 ұпаймен көш бастап тұр. Ал, «Ұлытау» 15 ұпаймен 5-орынға жайғасты.