«Барселона» Испания чемпионы атанды
«Барселона» 29-мәрте Испания чемпионатында жеңіске жетті.
«Барселона» ФК
Каталониялық «Барселона» Испания чемпионатының 35-туры аясында өз алаңында мадридтік «Реалды» 2:0 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын чемпион атанды. Кездесу Барселона қаласындағы «Камп Ноу» стадионында өтті.
Ойынның 9-минутында Маркус Рэшфорд мергендік танытып, есеп ашты. Ал 18-минутта Ферран Торрес командасының басымдығын арттырды.
Осы жеңістен кейін Ханс-Дитер Флик шәкірттері 91 ұпай жинап, турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды. Маусым аяқталуына үш тур қалғанда «Барселона» чемпиондықты ресми түрде иеленді. Ал мадридтік «Реал» 77 ұпаймен екінші орында келеді.
Келесі турда каталониялық клуб сырт алаңда «Алавеспен» кездессе, «Реал» өз алаңында «Овьедоны» қабылдайды.