Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко турнирдің 1/8 финалында жеңіліп қалғаннан кейін, Рыбакина Римдегі жарыстың басты фавориттерінің біріне айналды.

Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды ktf.kz

Елена Рыбакина 1/8 финалда чехиялық Каролина Плишковамен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте - 6:0, 6:2 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисші небәрі 59 минутта әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын тізе бүктірді. Енді Рыбакина жартылай финал жолдамасы үшін украиналық Элина Свитолинамен кортқа шығады.

Айта кетейік, Елена турнир барысында грек теннисшісі Мария Саккариды 6:4, 6:1 есебімен, филиппиндік Александра Эаланы 6:4, 6:3 нәтижесімен ұтқан болатын.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу