Астанада шахматтан Түркі мемлекеттерінің алғашқы командалық чемпионаты өтеді

Жарыстың жүлде қоры 21 млн теңгені құрайды.

Астанада шахматтан Түркі мемлекеттерінің алғашқы командалық чемпионаты өтеді

Астана қаласы тағы бір ірі халықаралық спорттық жобаның орталығына айналмақ. 14-17 мамыр аралығында елордада шахматтан Түркі мемлекеттері арасында тұңғыш рет командалық чемпионат ұйымдастырылады.

Бұл бастама 2025 жылғы 20 қазанда Астанада ресми түрде жарияланған Түркі мемлекеттерінің шахмат ассоциациясын құру аясында жүзеге асырылмақ. Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) қолдауымен құрылған ұйымда Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан құрамалары бар. 

Алдағы дода ерлер, әйелдер және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында командалық форматта өтеді. 

Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 21 миллион теңгені құрайды. Жеңімпаз командалар кубок, медаль және дипломдармен марапатталады. Ерлер және әйелдер санаттарында бірінші орын алған командаларға 5 миллион теңгеден, екінші орынға - 3,5 миллион теңге, ал үшінші орынға 2 миллион теңгеден сыйақы беріледі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу