Ризабек Айтмұхан RAF ұйымында екінші кездесуін өткізеді

RAF 10 турнирі АҚШ-та өтеді.

Ризабек Айтмұхан RAF ұйымында екінші кездесуін өткізеді Getty Images

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан америкалық Real American Freestyle лигасындағы келесі кездесуін қашан өткізетіні белгілі болды.

RAF 10 турнирі 2026 жылғы 13 маусымда АҚШ-тың Миссури штатындағы Сент-Луис қаласында өтеді. Айтмұханның қарсыласы  АҚШ өкілі Хайден Зиллмер. Бұл кездесу Зиллмер үшін RAF промоушеніндегі дебюттік жекпе-жек болмақ.

Америкалық балуанның спорттық жетістіктері жоғары деңгейде. Ол 2022 жылы АҚШ-та өткен Final X іріктеу турнирінде екі дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Ник Гваздовскийді жеңіп, ұлттық құрама сапына енген. Сонымен қатар, 125 келі салмақта 2022 жылғы әлем чемпионатында (Белград) 7-нәтиже көрсеткен. 

Айта кету керек, бұған дейін RAF 08 турнирінде Ризабек Айтмұхан Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен белдесіп, 6:12 есебімен жеңіліс тапқан болатын. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу