Юлия Путинцева Франциядағы жарыстың 1/4 финалына шықты

Турнирдің жүлде қоры 115 мың АҚШ долларын құрайды.

Юлия Путинцева Франциядағы жарыстың 1/4 финалына шықты ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция астанасы Парижде өтіп жатқан WTA 125 санатындағы «Челленджер» турнирінде сәтті өнер көрсетуде.

1/8 финал кезеңінде Путинцева Украина өкілі Вероника Подрезбен кездесті. Матч барысында қазақстандық спортшы сенімді ойын өрнегін көрсетіп, қарсыласын екі сетте жеңді - 6:4, 6:0. Кездесу 1 сағат 10 минутқа созылды.

Осылайша, Вероника Подрез жарысты аяқтады. Ал Юлия Путинцева турнирдің ширек финалына жолдама алды. Енді қазақстандық теннисші келесі кезеңде франциялық теннисшілер Диана Парри мен Хлоэ Паке арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, жарысқа 32 теннисші қатысуда. 11-мамыр күні басталған турнир 17-мамыр күні мәресіне жетпек. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу