«Жеңіс» Қазақстан Кубогының жартылай финалына жолдама алды

«Жеңіс» пен «Қызылжар» арасындағы матч Астана-Аренада өтті.

«Жеңіс» Қазақстан Кубогының жартылай финалына жолдама алды kazfootball

Бүгін «Жеңіс» Қазақстан кубогының ширек финалдық кездесуінде петропавлдық «Қызылжарды» 2:0 есебімен жеңді. 

Ойын басталысымен алаң иелері тізгінді өз қолына алып, қарсылас қақпасына қысым көрсетті. Нәтижесінде алғашқы гол 19-минутта соғылды. Бразилиялық шабуылшы Элдер Сантана әріптесі Адильоның нәтижелі пасын тиімді пайдаланып, есеп ашты - 1:0.

Араға үш минут салып, 22-минутта Адильон да мергендік танытып, есепті еселеді.

Екінші таймда астаналық клуб ойынды бақылауда ұстап, қарсыласқа есепті қысқартуға мүмкіндік бермеді. Матч соңына дейін таблодағы нәтиже өзгерген жоқ - 2:0.

Енді «Жеңіс» жартылай финалда «Қайсар» мен «Тобыл» командалары арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу