Бокста жаңа ереже: Енді жасөспірімдер 11 жастан бастап жарысқа қатыса алады

Жас спортшыларға жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды.

Бокста жаңа ереже: Енді жасөспірімдер 11 жастан бастап жарысқа қатыса алады

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі спорт саласын дамытуға бағытталған маңызды өзгеріс енгізді. Спорттық резервті даярлау және жоғары дәрежелі спортшыларды іріктеу тәртібін реттейтін 2014 жылғы 20 қазандағы №42 бұйрыққа түзетулер жасалды.

Жаңа талапқа сәйкес, енді боксшылар ресми жарыстарға 11 жастан бастап қатыса алады. Бұған дейін бұл шектеу 13 жас болып белгіленген еді.

Министрлік бұл өзгерісті жас спортшылардың ерте кезеңнен бастап жүйелі дайындықтан өтуіне мүмкіндік беру және олардың жарысқа бейімделу деңгейін арттыру мақсатында қабылданғанын атап өтті. Сонымен қатар, басты назар жасөспірімдердің денсаулығын қорғау мен қауіпсіз спорттық орта қалыптастыруға аударылған.

Сала мамандарының пікірінше, жаңа жас шегі балалардың боксқа ертерек араласуына жол ашып, болашақ чемпиондарды дайындау жүйесін күшейтеді. Дегенмен, жаттықтырушылар оқу-жаттығу процесін қатаң бақылауда ұстап, жүктемені жас ерекшеліктеріне сай реттеуі тиіс.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу