Сенсация: «Ақтөбе» Қазақстан Кубогында пенальтиде ұтылып, жарысты аяқтады

Кездесудің фавориті саналған «Ақтөбе» күтпеген жерден жеңіліс тапты.

Сенсация: «Ақтөбе» Қазақстан Кубогында пенальтиде ұтылып, жарысты аяқтады kazfootball

Қазақстан Кубогының ширек финалында күтпеген нәтиже тіркелді. Өскеменнің «Алтай» клубы «Ақтөбені» пенальти сериясында жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Матч аса тартысты өтті. Ойынның 13-минутында «Ақтөбе» шабуылшысы Айдин Желькович есеп ашып, командасын алға шығарды. Алайда «Алтай» көп күттірмей жауап қаттиы. 28-минутта Тимур Реджепов таразы басын теңестірді.

Негізгі және қосымша уақыттың қалған бөлігінде қос команда да бірнеше мүмкіндік жасағанымен, есеп өзгерген жоқ. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл сында «Алтай» футболшылары дәлірек болып, 11 метрлік соққыларда басым түсті пенальти (4:3).

Осылайша «Ақтөбе» Кубок жолын осы кезеңде аяқтаса, «Алтай» жартылай финалға шықты. 

Ал екінші ширек финалда «Ордабасы» өз алаңында «Жетісуды» 1:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Жалғыз әрі шешуші гол 48-минутта соғылды. Болгар шабуылшысы Димитар Митковтың пасынан кейін ганалық жартылай қорғаушы Дэвид Абагна мергендік танытты - 1:0. 

Осылайша жеңіске жеткен «Ордабасы» жартылай финалда «Алтаймен» кездеседі.

Жартылай финалдың екінші жұбы да белігілі болды. Қызылорданың  «Қайсары» Қостанайдың «Тобылын» пенальтилер сериясында ұтып кетті. Енді олардың қарсыласы елорданың «Жеңіс» командасы. Жартылай финалдық матчтар екі кездесуден тұратынын айта кетейік. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу