2027 жылғы бокстан әлем чемпионаты Астанада өтеді

Астанада Лос-Анджелес Олимпиадасына 44 лицензия сарапқа салынады.

2027 жылғы бокстан әлем чемпионаты Астанада өтеді ашық дереккөзден

Халықаралық Олимпиадалық комитет ресми түрде Астананы 2027 жылғы ерлер мен әйелдер арасындағы лицензиялық әлем чемпионатын қабылдайтын қала ретінде бекітті. Бұл туралы World Boxing ұйымының ресми күнтізбесінде жарияланды.

Турнир 2027 жылдың сәуір айында өтеді және онда 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына алғашқы тікелей жолдамалар сарапқа салынады. Жалпы саны 44 лицензия, оның 22-сі ерлерге, 22-сі әйелдерге арналған.

Тарихта алғаш рет әлем чемпионатында медальдар мен Олимпиада жолдамалары бір мезетте жеті ерлер және жеті әйелдер салмақ дәрежесінде үлестіріледі.

World Boxing ұйымының мәліметінше, Олимпиадаға іріктеу жүйесі үш әлемдік және бес құрлықтық турнирден тұрады. Осылайша былғары қолғап шеберлеріне Олимпиада жолдамасын иеленуге төрт мүмкіндік беріледі.

Іріктеу кезеңі Қазақстандағы әлем чемпионатынан басталып, кейін 2027-2028 жылдары өтетін құрлықтық жарыстармен жалғасады. Ал Олимпиада алдындағы соңғы мүмкіндік 2028 жылғы екі әлемдік іріктеу турнирінде беріледі.

Сондай-ақ Халықаралық Олимпиадалық комитет бекіткен жаңа жүйеге сәйкес, Лос-Анджелес Олимпиадасында әлемнің үздік 224 боксшысы 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу