Елена Рыбакина Рим турнирін ширек финалда аяқтады
Жарыстың басты фавориті саналған қазақстандық теннисші күтпеген жерден жеңіліс тапты.
Getty Images
Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдегі өнерін аяқтады.
Жартылай финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Рыбакина әлемнің жетінші ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен кездесті. Қазақстандық теннисші матчты сенімді бастап, алғашқы сетте 6:2 есебімен басым түсті.
Алайда екінші партиядан бастап ойын тізгіні Свитолинаның қолына өтті. Украиналық спортшы сетті 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Шешуші сетте де Свитолина Рыбакинаға камбэк жасауға мүмкіндік берген жоқ. Нәтижесінде үшінші сет те 6:4 есебімен аяқталып, украиналық теннисші жартылай финалға жолдама алды.
Енді Элина Свитолина финалда әлемнің үшінші ракеткасы, польшалық Ига Швёнтекпен кездеседі. Швёнтек ширек финалда америкалық Джессика Пегуланы 6:1, 6:2 есебімен жеңген еді.