Франция құрамасы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады

Франция құрамасы 2018 жылы әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын.

Франция құрамасы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады ашық дереккөзден

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысатын ойыншылардың соңғы тізімін жариялады. АҚШ, Канада және Мексикада өтетін дүбірлі дода 11 маусым мен 19 шілде аралығында ұйымдастырылады.

Франция құрамасының тізіміне 26 футболшы енді. Команда әлем чемпионатына дайындықты 28 мамырда бастайды. Турнир алдында олар Кот-д’Ивуар және Солтүстік Ирландия командаларына қарсы жолдастық кездесулер өткізеді.

Әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында француздар 16 маусым күні Сенегал құрамасына қарсы алаңға шығады. Топтық кезеңде олар сондай-ақ Ирак және Норвегия құрамаларымен кездеседі.

Франция құрамасының әлем чемпионатына қатысатын футболшылар тізімі:

Қақпашылар: Майк Меньян, Робен Риссер, Брис Самба.

Қорғаушылар: Люка Динь, Мало Гюсто, Люка Эрнандес, Тео Эрнандес, Ибраима Конате, Жюль Кунде, Максанс Лакруа, Уильям Салиба, Дайо Упамекано.

Жартылай қорғаушылар: Н’Голо Канте, Ману Коне, Адриен Рабьо, Орельен Тчуамени, Уоррен Заир-Эмери.

Шабуылшылар: Магнес Аклиуш, Брэдли Баркола, Райан Шерки, Усман Дембеле, Дезире Дуэ, Жан-Филипп Матета, Килиан Мбаппе, Майкл Олисе және Маркус Тюрам.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу