“Оқжетпес” өз алаңында “Астананы” жеңіп, сенсация жасады
Көкшетаулық ұжым турнирлік кестеде үздік үштікке көтерілді.
kazfootball
Қазақстан Премьер-лигасының 10-турында Көкшетаудың “Оқжетпес” клубы өз алаңында елордалық “Астананы” қабылдап, тартысты кездесуде жеңіске жетті - 1:0.
Ойынның жалғыз әрі шешуші голы бірінші таймның қосымша уақытында, 45+3-минутта соғылды. Украиналық жартылай қорғаушы Борис Лотоцький мергендігімен көзге түсіп, өз командасына маңызды үш ұпай әкелді.
Екінші таймда “Астана” есепті теңестіруге тырысқанымен, “Оқжетпес” қорғаныста сенімді ойнады. Матчтың 80-минутында елордалық клуб ойыншысы Иван Башич қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Бұл жағдай қонақтардың гол соғуға мүмкіндігін азайтты.
Осы жеңістен кейін “Оқжетпес” 19 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Көкшетау клубы қосымша көрсеткіштер бойынша “Ордабасыдан” бір саты артта қалып отыр.
Ал “Астана” 15 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады.
Келесі турда “Оқжетпес” сырт алаңда “Алтайға” қарсы ойнайды, ал “Астана” өз алаңында “Ұлытауды” қабылдайды.