“Манчестер Сити” Англия Кубогында жеңіске жетті
Бүгінгі матчтың басты қаһарманы Антуан Семеньо.
Getty Images
Лондондағы әйгілі “Уэмбли” стадионында Англия Кубогының финалы өтіп, шешуші ойында “Манчестер Сити” “Челсиді” 1:0 есебімен жеңді.
Кездесудің тағдырын шешкен жалғыз гол 71-минутта соғылды. “Манчестер Ситидің” ганалық вингері Антуан Семеньо Эрлинг Холандтың нәтижелі пасынан кейін әдемі соққы жасап, допты қақпаға дәл бағыттады.
Осылайша “Манчестер Сити” Англия Кубогын 8-мәрте жеңіп алды. Хосеп Гвардиола шәкірттері бұл көрсеткіш бойынша “Челси”, “Тоттенхэм” және “Ливерпульмен” теңесті.
Бұл жеңіс “қалалықтар” үшін осы маусымдағы екінші трофей болды. Бұған дейін клуб Англия Лигасы Кубогында финалда “Арсеналды” 2:0 есебімен жеңген болатын.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу