«Селтик» соңғы турда «Хартсты» жеңіп, Шотландия чемпионы атанды

Қазақстандық футболшы Ислам Чесноков екінші таймда алаңға шықты.

«Селтик» соңғы турда «Хартсты» жеңіп, Шотландия чемпионы атанды

Шотландия чемпионатының шешуші турында Глазгоның «Селтик» клубы Эдинбургтың «Хартс» командасын 3:1 есебімен жеңді. Кездесу «Селтик Парк» стадионында өтіп, жанкүйерлер тартысты ойынның куәсі болды. 

43-минутта «Хартс» сапынан Лоуренс Шенкленд бұрыштамадан кейін допты дәл бағыттап, қонақтарды алға шығарды. Алайда бірінші таймның қосымша уақытында «Селтик» пенальтиден есепті теңестірді. Бұл голды Арне Энгельс соқты.

Екінші таймда ойын қарқыны күшейіп, екі команда да жеңіс үшін бар күшін салды. 88-минутта Дайдзэн Маэда гол соғып, алаң иелерін алға шығарды. Ал матчтың соңғы сәттерінде, 90+7-минутта «Селтик» жылдам қарсы шабуыл ұйымдастырып, Каллум Османд бос қақпаға гол соғып, кездесудің нүктесін қойды - 3:1.

Қазақстандық футболшы Ислам Чесноков бұл кездесуге 67-минутта алаңға шықты. Ол соңғы минуттарға дейін командасының шабуылын күшейтуге тырысты. Бірақ нәтижені өзгерте алмады.

Осылайша, «Селтик» Шотландия чемпионатын қатарынан бесінші рет жеңіп алды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу