Қазақстандық UFC шебері Лас-Вегаста техникалық нокаутпен жеңілді
Николай Веретенников биылғы маусымда UFC-де екінші жекпе-жегін өткізді.
ашық дереккөзден
Қазақстандық спортшы Николай Веретенников АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 276 турнирінде октагонға шықты. Отандасымыз жартылай орта салмақта америкалық Калин Уильямспен күш сынасты.
Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, кездесу алғашқы раундта-ақ аяқталды. Калин Уильямс қарымта шабуылдарын сәтті пайдаланып, төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатты. Нәтижесінде америкалық спортшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Калин Уильямс кәсіби мансабындағы 16-шы жеңісіне қол жеткізді. Ал қазақстандық файтердің UFC-дегі статистикасы 2-4.
Веретенников бұған дейін де UFC-де бірнеше тартысты жекпе-жек өткізіп, жанкүйерлердің назарын аударған болатын. Алайда бұл жолы тәжірибелі қарсыласына есе жіберді.