Нұралы Әліп төрт дүркін Ресей чемпионы атанды

Нұралы Әліп бүгінгі финалдық ойында екінші таймда алаңға ауысып шықты.

Нұралы Әліп төрт дүркін Ресей чемпионы атанды Зенит ФК

Санкт-Петербургтың «Зенит» футбол клубы Ресей Премьер-Лигасының 2025/2026 жылғы маусымын жеңіспен аяқтап, кезекті чемпиондық атағын иеленді. Соңғы, 30-тур аясында бүгін «Зенит» сырт алаңда «Ростовты» 1:0 есебімен жеңді.

Матчтағы жалғыз гол 14-минутта соғылды. Шабуылшы Александр Соболев пенальтиден мүлт кетпей, командасына жеңіс сыйлады. Ал 73-минутта «Ростов» қорғаушысы Дмитрий Чистяков қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп ойынға 67-минутта қосылды.

Осылайша, «Зенит» маусымды 68 ұпаймен аяқтап, Ресей чемпионы атанды. Ал «Ростов» 33 ұпаймен турнирлік кестеде оныншы орынға жайғасты.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу