«Қайрат» сырт алаңда жеңіске жетті
«Қайрат» пен «Жеңіс» арасындағы матч бүгін Астана-Арена стадионында өтті.
Жеңіс ФК
Алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының 10-туры аясында сырт алаңда «Жеңісті» 2:1 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді.
Кездесудің алғашқы таймында командалар гол соға алмады. Алайда екінші тайм бастала салысымен «Қайрат» есеп ашты. Жоржиньоның нәтижелі пасынан кейін Ойва Юккола қақпашымен жеке шығып, мүмкіндігін мүлт жібермеді.
65-минутта португалиялық Жоржиньо өзі де мергендер қатарына қосылды. Ол айып добынан кейінгі қарбаласта жақын қашықтықтан дәл соққы жасап, есеп айырмасын ұлғайтты.
Матчтың 88-минутында Александр Широбоков допты өз қақпасына бағыттап алып, автогол тіркелді. Ал, қалған уақытта «Жеңіс» камбэк жасап үлгермеді.