Анна Данилина Страсбургтегі турнирді жеңіспен бастады
Бүгін Анна Данилина жұптық сында әлемнің бесінші ракеткасы атанды.
ашық дереккөзден
Анна Данилина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 турниріндегі жарысын жеңіспен бастады. Ол ресейлік теннисші Екатерина Александровамен бірге турнирдің ширек финалына жолдама алды.
1/8 финалда Данилина мен Александрова Қытай өкілдері Синью Янь/Ифань Сюй дуэтімен кездесіп, тартысты матчта жеңіске жетті. Екі сағатқа созылған кездесуде қазақстандық-ресейлік жұп 7:6 (7:5), 5:7, 10:4 есебімен басым түсті.
Енді ширек финалда олар Эйжа Мухаммад/Фанни Столлар және Эри Ходзуми / Фан-сянь У жұптарының жеңімпазымен ойнайды.
Сонымен қатар, тағы бір қуанышты жаңалық. Жаңартылған WTA жұптық рейтингінде бүгін Анна Данилина екі сатыға көтеріліп, әлемнің бесінші ракеткасы атанды. Бұл қазақстандық теннисші үшін жоғары нәтиженің бірі. Оның мансабындағы ең үздік көрсеткіш 2026 жылдың наурыз айындағы төртінші орын болатын.
Қазақстандық басқа теннисшілер де рейтингте алға жылжыды. Атап айтқанда, Іңкәр Дүйсебай 576-орынға, Асылжан Арыстанбекова 582-орынға, ал Сандуғаш Кенжибаева 885-орынға көтерілді. Юлия Путинцева да 2 саты жоғарылап, 75-сатыға жайғасты. Ал, Елена Рыбакина әлемнің 2-ракеткасы атағын сақтап қалды.