Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен кездеседі

Беларусь құрамасына қарсы матч алдында жастарымыз Талғарда оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.

Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен кездеседі ашық дереккөзден

Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы маусым айында Беларусь жастар командасына қарсы екі халықаралық жолдастық матч өткізеді.

Кездесулер Беларусь аумағында ұйымдастырылады. Алғашқы ойын 5 маусым күні Барановичи қаласында өтеді.  Екінші кездесу 8 маусымда Минск қаласындағы «Трактор» стадионында өтеді. 

Осы матчтарға дайындық аясында Қазақстан жастар құрамасы 30 мамыр күні Талғар қаласында оқу-жаттығу жиынын бастайды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу