Абдуқодир Хусанов «Манчестер Сити» клубының маусым үздігі атағына үміткерлер қатарына енді

Абдуқодир Хусанов биылғы маусымда тамаша өнер көрсетуде.

Абдуқодир Хусанов «Манчестер Сити» клубының маусым үздігі атағына үміткерлер қатарына енді uznews

Өзбекстан құрамасының қорғаушысы «Манчестер Сити» клубының жанкүйерлері дауыс беретін марапатқа ұсынылған үш футболшының бірі. Маусымның үздік ойыншысы атағына Хусановпен бірге бельгиялық вингер Жереми Доку және ағылшын қорғаушысы Нико О’Райли таласады.

Ал команданың басты сұрмергені Эрлинг Холанд үздік үштікке енбей қалды. Норвегиялық шабуылшы биыл барлық турнирде 51 матч өткізіп, 37 гол соққан еді.

Хусанов  «Манчестер Сити» сапына 2025 жылдың 20 қаңтарында француздың  «Ланс»  клубынан ауысып келген болатын. 2025/26 жылғы маусымда ол барлық турнирде 36 матчқа қатысып, команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды.

Transfermarkt порталы өзбекстандық қорғаушының нарықтық құнын 35 миллион еуроға бағалап отыр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу