Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары FIP әлемдік рейтингісінде көрсеткіштерін жақсартты
Жәнібек Үмбетов паделден Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды.
ҚР падел федерациясы
Халықаралық падел федерациясы ойыншылардың жаңартылған рейтингісін жария етті. Спортшыларымыздан Жәнібек Үмбетов ерекше көзге түсті. Ол бірден 43 сатыға көтеріліп, қазіргі уақытта FIP рейтингісінде 510-орында тұр. Нәтижесінде Үмбетов Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды.
Родион Пак та елеулі серпіліс жасады. Ол 68 саты қосып, 553-орынға шықты. Сондай-ақ Евгений Данилов халықаралық аренада өз көрсеткішін жақсартып келеді. Ол жаңа рейтингіде 537-ден 536-ға көтерілді. Ян Брек айтарлықтай ілгеріліп, 53 саты жоғарылып, әлемдік рейтингіде 754-орыннан көрінді.
Бұл нәтижелер FIP рейтингісінде қазақстандық ойыншылардың үздік көрсеткіштері болып саналады. Бұдан бұрын Қазақстан өкілдері мұндай жоғары орындарға көтеріліп көрген емес.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда аяқталған FIP Bronze Phangan халықаралық турнирінде Жәнібек Үмбетов пен Родион Пак ширек финалға дейін жетіп, қазақстандық падел шеберлерінің осы маусымдағы халықаралық аренадағы үздік нәтижелерінің біріне қол жеткізді.