«Арсенал» 22 жылдан кейін Англия чемпионы атанды

Лондондықтар мерзімінен бұрын чемпиондық атаққа қол жеткізді.

«Арсенал» 22 жылдан кейін Англия чемпионы атанды instagram: Arsenal

«Арсенал» мерзімінен бұрын Англия Премьер-лигасының чемпионы атанды. Чемпиондық тағдыр сейсенбі күні шешілді. «Манчестер Сити» сырт алаңда «Борнмут» клубымен 1:1 есебімен тең түсіп, турнир кестесінде лондондықтарды қуып жете алмай қалды.

Матч барысында «Сити» негізгі уақытта жеңіліп жатқан еді. Тек 94-минутта есепті теңестіріп, «Арсенал» жанкүйерлерін біраз алаңдатты. Егер манчестерлік клуб жеңіс голын соққанда, чемпиондық интрига соңғы турға дейін жалғасар еді. Алайда тең нәтиже лондондықтарға бір тур бұрын чемпиондық атақты қамтамасыз етті.
Микель Артета шәкірттері матчты клуб базасында бірге тамашалаған. Финалдық ысқырықтан кейін футболшылар арнайы дайындалған картон кубокпен тарихи жеңісті атап өтті. Ал ресми чемпиондық трофейді олар 24 мамыр күні «Кристал Пэлас» командасына қарсы кездесуден кейін алады.

Бұл «Арсенал» тарихындағы 14-чемпиондық атақ. Лондон клубы соңғы рет Премьер-лигада 2003/04 маусымында топ жарған болатын. Сол жылы Арсен Венгер баптаған әйгілі команда бірде-бір матчта жеңілмей, чемпиондыққа ие болған еді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу