Жания Бекмұхамбетова Бангкоктағы WTT Youth Contender турнирінде қола жүлде алды

Бұған дейін Жания Бекмұхамбетова Ташкентте өткен WTT Youth Contender турнирінде чемпион атанған болатын.

Жания Бекмұхамбетова Бангкоктағы WTT Youth Contender турнирінде қола жүлде алды olympic.kz

Қазақстанның үстел теннисі құрамасы Таиланд астанасы Бангкокта өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде жүлдеге қол жеткізді.

U13 жас санатында қазақстандық Жания Бекмұхамбетова қола медаль иеленді.

Жарыс барысында отандасымыз Таиланд өкілі Фаннапат Чингсоньоенді 3:0, Сингапур спортшылары Чен Этель мен Мао Хлоуды 3:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ Жапония теннисшісі Асахи Кавагучиден 3:2 есебімен басым түсті.

Алайда жартылай финалда Жания малайзиялық Анг Чжи Юйға 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, WTT Youth Contender - жасөспірімдер арасында өтетін халықаралық үстел теннисі турнирлер сериясы. Аталған жарысқа әлемнің түрлі елдерінен талантты жас спортшылар қатысып, U11, U13, U15, U17 және U19 санаттарында бақ сынады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу