"Қайрат" тізгінін Густаво Парадеда ұстады

Густаво Парадеда алдағы үш маусым бойы алматылық клубты жаттықтыратын болды.

"Қайрат" тізгінін Густаво Парадеда ұстады AFC Kairat

"Қайрат" футзал клубының жаңа бас бапкері болып Густаво Парадеда ресми түрде тағайындалды. Клуб президенті Қайрат Оразбеков маманмен үш жылдық келісімшарт жасалғанын мәлімдеді. 

Густаво Парадеда - «Қайрат» тарихындағы ерекше із қалдырған тұлғалардың бірі. Ол 2004-2009 жылдары алматылық клуб сапында өнер көрсетіп, командамен бірге Еуропадағы алғашқы тарихи жетістіктерге қол жеткізді. Сол кезеңде «Қайрат» УЕФА футзал кубогының қола жүлдесін жеңіп алған болатын.

Соңғы жылдары Густаво клуб құрылымында спорт директоры қызметін атқарып, негізгі команда мен академияның дамуына үлкен үлес қосты. Өткен маусымда плей-офф кезеңі алдында команданы қабылдап, қиын жағдайда чемпиондыққа жеткізе алды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу