Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты - 2026: Қазақстан құрамасы Бішкекке аттанды

Еліміздің үздік гимнасттары сары құрлық бәсекесінде сынға түседі.

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты - 2026: Қазақстан құрамасы Бішкекке аттанды ашық дереккөзден

Қазақстанның көркем гимнастика құрамасы 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысу үшін Бішкек қаласына жол тартты. Құрлық додасы 23-26 мамыр аралығында өтіп, Азияның үздік гимнасттары өзара мықтыны анықтайды.

Биылғы Азия чемпионаты көркем гимнастикадағы ең беделді әрі маңызды жарыстардың бірі саналады. Дәстүрлі түрде бұл бәсекеде құрлықтың үздік спортшылары жиналып, өнерлерін көрсетеді.

Қазақстан құрамасы жарысқа толық құраммен қатысады. Жекелей сында ел намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғайды.

Ал топтық жаттығуларда Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай өнер көрсетеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу