Қазақстандық үстел теннисінің шеберлері әлемдік рейтингтегі орындарын жақсартты

Қазақстандық теннисшілердің рейтингтегі өсімі Үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты аясындағы табысты ойындардың нәтижесі болды.

Қазақстандық үстел теннисінің шеберлері әлемдік рейтингтегі орындарын жақсартты ашық дереккөзден

Халықаралық үстел теннисі федерациясы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Командалық әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының көшбасшылары өз позицияларын айтарлықтай жақсартты.

Еліміздің бірінші ракеткасы Кирилл Герасименко рейтингте 58-орыннан 36-сатыға көтерілді. Бұл қазақстандық спортшы үшін маңызды серпіліс.

Сондай-ақ Алан Курманғалиев 160-орыннан 135-орынға жоғарылады. Жас спортшы соңғы халықаралық жарыстарда тұрақты нәтижелерімен көзге түсіп жүр.

Әйелдер арасында Зауреш Акашева 144-орыннан 111-сатыға көтерілсе, Сарвиноз Миркадирова бірден 231-орыннан 174-орынға дейін алға жылжыды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу