Криштиану Роналду алғаш рет Сауд Арабиясының чемпионы атанды

Роналду «Дамакқа» қарсы ойында дубль жасады.

Криштиану Роналду алғаш рет Сауд Арабиясының чемпионы атанды

2026 жылдың 21 мамырында «Әл-Наср» соңғы турда «Дамакты» 4:1 есебімен жеңіп, клуб тарихындағы маңызды жеңіске қол жеткізді. Кездесуде португалиялық шабуылшы дубль авторы атанды.

Осылайша, Роналду «Әл-Наср» сапындағы алғашқы ресми трофейін жеңіп алды. Бұған дейін команда 2023 жылы Араб чемпиондары кубогын иеленгенімен, бұл турнир ресми жарыс ретінде саналмайды.

41 жастағы футболшы үшін бұл соңғы бес жылдағы клуб деңгейіндегі алғашқы ресми чемпиондық. Оның бұған дейінгі соңғы титулы 2021 жылы туриндік Juventus FC құрамында жеңіп алған Италия кубогы болған еді.

Роналду «Әл-Насрға» 2023 жылдың желтоқсанында ауысқан. Қазіргі келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Эр-Рияд клубы сапында ол осы уақытқа дейін 142 матч өткізіп, 123 гол соғып және 24 нәтижелі пас берген.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу