Александр Бублик Geneva open турнирінің жартылай финалына шықты
Турнирдің жүлде қоры 612 620 еуроны құрайды.
Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Швейцарияда өтіп жатқан Geneva open халықаралық турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалда қазақстандық спортшы франциялық Артур Риндеркнешке қарсы ойында жеңіске жетті. Кездесу 5:7, 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.
Матч 1 сағат 54 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик сегіз эйс жасап, үш қос қателік жіберді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Енді финал жолдамасы үшін қазақстандық теннисші америкалық Лернер Тьенмен кездеседі.
Ал екінші жартылай финалда норвегиялық Каспер Рууд пен аргентиналық Мариано Навоне өзара мықтыны анықтайды.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу