Томас Сильва «Джиро д’Италия» кезеңінде үздік үштікке енді

«Джиро д’Италия» көпкүндігінің 12-кезеңі Нови-Лигуре қаласында мәресіне жетті.

Томас Сильва «Джиро д’Италия» кезеңінде үздік үштікке енді

XDS Astana Team командасының велошабандозы Томас Сильва «Джиро д’Италия» көпкүндігінің 12-кезеңінде үшінші орынға ие болды. 

12-кезең Империя қаласында басталып, 175 шақырымнан кейін Нови-Лигуре қаласында мәресіне жетті. Кезең тағдыры соңғы шақырымдардағы жекелей шабуылдан кейін шешілді. Ал Томас Сильва жеңімпаздан үш секунд қалып, мәре сызығын үшінші болып қиды.

Жарыстан кейін Сильва кезеңнің өте қиын өткенін тілге тиек етті. Сильва сондай-ақ командаластарының еңбегін ерекше атап өтті. Әсіресе, соңғы шақырымдарда оған тиімді позиция жасап берген Альберто Беттиоляға алғысын білдірді.

Осылайша, XDS Astana Team тағы бір кезеңде жүлделі орын алып, «Джиро д’Италиядағы» өнерін жалғастырып жатыр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу