«Астана» «Ұлытауды» ірі есеппен жеңді
Кездесу «Астана-Аренада» өтті.
kazfootball
«Астана» Қазақстан Премьер-лигасының 11-туры аясында «Ұлытау» командасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Кездесу Астанада өтіп, алаң иелерінің басымдығымен аяқталды.
Есепті матчтың 23-минутында қазақстандық шабуылшы Рамазан Каримов ашты. Екінші таймда Станислав Басманов 49-минутта мергендік танытып, «Астананың» басымдығын еселей түсті. Ал кездесудің соңына қарай хорватиялық қорғаушы Бранимир Калаица 87-минутта гол соғып, матчтың нүктесін қойды.
Осы жеңістен кейін «Астана» 18 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Ал «Ұлытау» да 18 ұпай жинап, бесінші сатыда тұр.
Келесі турда «Астана» 27 мамыр күні сырт алаңда Алтай командасымен кездессе, «Ұлытау» сол күні павлодарлық «Ертіс» клубына қарсы ойнайды.