«Астана» велошабандозы «Джиро д’Италияның» 13-кезеңінде топ жарды
Елордалық велокоманда «Джиро д’Италияда» командалық есепте 1-орынға көтерілді.
XDS Astana Team «Джиро д’Италия-2026» көпкүндігінің кезеңдеріндегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. Итальяниялық суперкөпкүндіктің 13-кезеңінде команданың велошабандозы Альберто Беттиоль жеңімпаз атанды.
Беттиоль соңғы асуда шешуші шабуылға шығып, кейін басымдығын арттыра түсті. Нәтижесінде ол мәре сызығын жалғыз өзі кесіп өтіп, сенімді жеңіске жетті.
Жарыстан кейін италиялық спортшы командадағы атмосфера мен қолдаудың ерекше екенін атап өтті.
13-кезең барысында Беттиоль 15 шабандоздан құралған көшбасшылар тобының қатарында болды. Соңғы асуда норвегиялық Андреас Ленкессунд шабуыл жасағанда, оған тек Беттиоль ғана жауап бере алды. Кейін италиялық спортшы қарсы шабуылға шығып, бірнеше секундтық басымдыққа ие болды.
Осы кезеңнің қорытындысы бойынша XDS Astana Team жалпы командалық есепте көш бастады.