Гизадағы тарихи бокс кеші: Усик пен Верхувен рингте кездеседі

Бүгін Усик WBC белбеуін қорғап қалуға барын салады.

Гизадағы тарихи бокс кеші: Усик пен Верхувен рингте кездеседі Getty Images

Бүгін, 23 мамыр күні Мысырдың әйгілі Гиза пирамидалары аумағында кәсіби бокстан ауқымды The Ring: Glory in Giza турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик WBC белбеуін кикбоксшы Рико Верхувенге қарсы жекпе-жекте қорғайды.

Үш бірдей нұсқа бойынша әлем чемпионы атанған Усик үшін бұл тағы бір маңызды сынақ болмақ. Ал кикбокс әлемінің жұлдызы Верхувен кәсіпқой бокста небәрі бір жекпе-жек өткізгеніне қарамастан, үлкен айқасқа мүмкіндік алып отыр.

Сондай-ақ бүгінгі кеште екінші орта салмақтағы бос тұрған WBO чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Бұл титул үшін Хамза Шираз бен Алем Бегич жұдырықтасады.

Сондай-ақ жартылай орта салмақта WBA чемпиондық атағы үшін Шахрам Гиясов пен Джек Кэттерал рингке шығады.

Ал аса ауыр салмақтағы IBF тұжырымы бойынша үміткерлік кездесуде Фрэнк Санчес пен Ричард Торрес күш сынасады.

Айтулы бокс кешінің тікелей трансляциясын DAZN платформасы көрсетеді. Турнир 23 мамыр күні Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады. Ал Усик - Верхувен жекпе-жегі шамамен түнгі 02:00-де өтеді деп жоспарланған.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу