Эмиль Ахмеджанов гимнастикадан Challenge Cup кезеңінде алтын медаль иеленді

Қазақстандық спортшылар Ташкенттегі жарыста тамаша нәтиже көрсетуде.

Эмиль Ахмеджанов гимнастикадан Challenge Cup кезеңінде алтын медаль иеленді kazgymfederation

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Эмиль Ахмеджанов алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы еркін жаттығулар бағдарламасында үздік нәтиже көрсетіп, финалда 13,650 ұпай жинады. Осылайша Ахмеджанов жарыстың чемпионы атанды.

Күміс жүлдені өзбекстандық Хумоюн Исломов иеленді. Оның нәтижесі - 13,600 ұпай. Ал қола медаль моңғолиялық Энхтүвшин Дамдиндоржға бұйырды. Ол 13,500 ұпай жинады.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Алтынхан Темірбек финалда 12,500 ұпаймен сегізінші орынға тұрақтады.

Ертең жарыстың финалдық кезеңінің екінші күні өтеді. Дияс Тойшыбек қоссырық пен кермедегі финалда бақ сынайды. Ал Эмиль Ахмеджанов тағы бір жүлде үшін қоссырық жаттығуында өнер көрсетеді. Сонымен қатар Алтынхан Темірбек тіреп секіру финалында ел намысын қорғайды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу