«Қайрат» өз алаңында ұпай жоғалтты

Кездесудің фавориті саналған алматылық ұжым жанкүйер үмітін ақтай алмады.

«Қайрат» өз алаңында ұпай жоғалтты Кайрат ФК

Қазақстан Премьер-лигасының 11-туры аясында алматылық «Қайрат» өз алаңында қызылордалық «Қайсар» командасымен тең түсті - 0:0.

Кездесу тартысты өтіп, екі команда да қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, негізгі уақытта есеп ашылған жоқ. Матчтағы ең қауіпті сәттердің бірі 78-минутта тіркелді. «Сары-қаралардың» финляндиялық жартылай қорғаушысы Ойва Юккола қарсылас қақпасын дәл көздеген еді. Алайда төреші шабуыл кезіндегі ереже бұзушылықты тіркеп, гол есепке алынбады.

Осылайша, алматылық клуб маңызды екі ұпайдан айырылды. Соған қарамастан, «Қайрат» 28 ұпаймен турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын сақтап қалды.

Ал «Қайсардың» еншісінде 9 ұпай бар. Қызылордалық ұжым қазіргі уақытта турнирлік кестенің 12-орнында келеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу